Баишев высший медицинский колледж

“Предоставление качественных образовательных услуг посредством новых инновационных технологий”
  • г. Актобе,
    ул. Бр. Жубановых, 302а
  • 8 (7132) 52-35-83
    Приемная комиссия

Worldskills Aktobe -2021

       Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе  Жоғары медициналық колледжінің базасында 2021 жылдың 19-21 мамыр аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік Worldskills Aktobe -2021 чемпионаты өтті. Чемпионатқа Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық,көпсалалы «Болашақ», Баишев жоғары медицина колледждері атынаң 2 өкілден  алты қатысушы қатысып.Чемпионат алты модуль бойынша үш аймақта үш күн аралығында өтті. Қатысушылар дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетіп бақ сынады. Аймақтық чемпионаттың әділқазылар алқасының төрағасы - республиқалық Worldskills Kazakhstan техникалық комитетінің мүшесі,Ақтөбе жоғары политехникалық колледж директорының оқу-өңдірістік ісі жөніңдегі орынбасары Қыдырбаев Таңжарық Өтемісұлы,бас сарапшы ретінде «Отбасылық медицина орталығының» аға мейірбикесі- Мукушева Алма Абдигалиқызы, бас сарапшы орынбасары «Жедел медициналық көмек ауруханасының» аға мейірбикесі- Арипова Гульназ Қлышбекқызы  және әр қатысушы жағынан екі өкілден құралған сарапшылары қатысушылардың дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін бағалады. Чемпионаттын қорытындысы бойынша қатысушылар Ақтөбе облысының білім басқармасының Дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. III-ші жүлделі орынды және 10 000 тенге ақшалай сертификатты Баишев жоғары  медициналық колледж қатысушысы Балымбетов Қуаныщ иеленді.